Өткен жылы елімізге қай елдерден саяхатшылар көп келді?

569

2023 жылы Қазақстанға 834,9 мың шетелдік турист саяхаттаған.

Өткен жылы елімізге қай елдерден саяхатшылар көп келді? Фото: inbusiness.kz

Статистикалық мәліметтер бойынша, елімізге саяхаттайтын шетелдік туристердің географиясы жыл санап артып келеді. Мәселен, Қазақстанға жақын көршілерімізден бөлек, мұхиттың арғы бетіндегі мемлекеттердің де саяхташылары көптеп келе бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ҚР Спорт және туризм министрлігіне сілтеме жасап.

2023 жылдың алғашқы 9 айында еліміз бойынша ең көп саяхатшы –Ресей Федерациясынан келген. Былтырғы қаңтар-қыркүйек аралығында Қазақстанға 356 850 мың ресейлік саяхаттаған. Екінші орынды Қытай туристері иеленді. Шығыстағы көршімізден елімізге 75 131 адамның табаны тиген. Ал үшінші сатыға Түркия туристері тұрақтады. Анадолы елінен 41 134 турист келген. Сондай-ақ үздік бестіктің қатарына Үндістан (34 757) және АҚШ (28 160) саяхатшылары енді.

"Жыл сайын шетелдік туристердің Қазақстанға деген қызығушылығы арта бастағанын байқап отырмыз. Мәселен, 2022 жылы елімізге 900 мыңнан аса шетелдік саяхатшы, ал өткен жылдың 9 айында 800 мыңнан аса шетелдік қонақ келген. Биыл бұл көрсеткіш бұдан да көбейе түседі деген сенімдеміз. Өйткені елімізде шетелдіктерді таңқалдыратын, сұлулығымен өзіне тартатын, көрсе көз тоятын көрікті жерлер, табиғат сый етіп берген сұлу мекендер аз емес. Сонымен қатар министрлік байтақ жерімізге табаны тиген әрбір саяхатшыға ұмытылмас әсер қалдыру үшін жұмыс істеп жатыр", - деп атап өтті Туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу