Өткен жылы IT саласындағы қызметкерлердің жалақысы артқан

1580

Өткен жылы IT саласындағы қызметкерлердің жалақысы артқан

Қазақстанда өткен жылдың соңғы үш айында ең жоғары жалақыны қаржы, сақтандыру, ғылым, техникалық қызмет саласының қызметкерлері алған. Сонымен қатар IT саласының қазметкерлерінің де жалақысы жоғары болған, деп хабарлады  sputniknews.kz. 

Өткен жылдың соңғы тоқсанында жұмыс істейтін әрбір қазақстандықтың орташа айлық жалақысы 163,7 мың теңгені құраған, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 5,9 пайызға көп. Сонымен қатар, инфляцияны есепке алғанда жалақының сатып алуға мүмкіндігі бір жыл бұрынғы кезеңмен салыстырғанда 1,4 пайызға қысқарған.    
Energyprom.kz мәліметі бойынша, Қостанай және Ақтөбе облыстарында бір жылда нақты жалақы 2,1 пайызға, сәйкесінше 138,2 және 130 мың теңгеге өскен. Ал Маңғыстау облысында жалақының сатып алуға мүмкіндігі бірден 8 пайызға – 269,6 мың теңгеге дейін төмендеген. Бұл жалақы 1,5 пайызға азайған жалғыз өңір. 

Сонымен қатар өткен жылдың IV тоқсанының қорытындысы бойынша елімізде қаржы және сақтандыру (316,1 мың теңгеге дейін, бір жылда жалақы 0,1%-ға өскен), ғылым және техникалық қызмет  (303,3 мың теңгеге дейін, —7,3%), сондай-ақ ақпарат және байланыс (249,3 мың теңгеге дейін, +7,4%,) салаларында ең жоғары жалақы төленген. 

Орман өсіру және ағаш дайындау (бір жыл ішінде бірден +17%, 162 мың теңгеге дейін) және құрылыс (бір жыл ішінде +15,7%, 218,1 мың теңгеге дейін) салаларында жалақы күрт өскен. 

Тұтастай алғанда, 2017 жылдың қаңтар-желтоқсанының қорытындысы бойынша жұмыс істейтін қазақстандықтың орташа айлық жалақысы 149,7 мың теңгеге жетіп, 2016 жылмен салыстырғанда 5,1%-ға артқан.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу