Қарағанды облысының аумағында 2017-ші жылы 1939 өрт оқиғасы тіркелген, ол 2016-шы жылмен салыстырғанда 8,7%-ға көбірек. Бұл мәліметтерді Қарағанды облысының ТЖД бастығы Ыбраһим Күлшімбаев аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтты. Ол сонымен қатар аймақта өрт оқиғасын төмендету үшін қандай шара қолданылатыны жайлы мәлімдеді, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.
"2017-ші жылы барлық меншік формаларының нысандарында өрт қауіпсіздік жағдайын тексеретін 2300 шара өткізілді. Нәтижесінде 4000-нан астам норма мен өрт қауіпсіздік ережесі бұзылғаны анықталған, жалпы сомасы 37 млн теңгені құраған 900-ден астам айыппұл салынған", - деп хабарлады спикер.
Өрттің алдын алу және қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін ТЖД қызметкерлері жеке сектордағы үйлерді аралап, тұрғындармен кездесу өткізіп, насихат материалдарын таратып, рейдтер өткізеді.
Ыбраһим Күлшімбаевтың айтуынша, өрт саны төмендемеуде.
"Жыл басынан бері облысымызда 107 өрт орын алды, нәтижесінде 1 адам қайтыс болып, 5 адам жарақат алған. Сонымен қатар адамдардың улы газдан қаза болу деректері де жалғасуда. Қаңтарда өрт болмай, түтіннен 5 адам уланған, екі адам зардап шеккен", - деген дерек келтірді ол..
Өрттің пайда болуы әдеттегідей отты абайсыз пайдалану себептеріне байланысты (50,3% жайттарда), электр құралдары мен тұрмыстық техниканы орнату және пайдалану кезінде ереже бұзылуы, пештерді салу кезінде өрт қауіпсіздік ережесінің бұзылуы болып отыр. Ең өрт оқиғасының ең көбі тұрғын үй секторларында болады.