Өткен жылы Қазақстан 19,9 мың тонна сиыр етін экспорттады

1936

Ірі қара саны 7,2 млн басқа, қой 18,7 млн басқа, жылқы 2,6 млн басқа, құс 44,3 млн басқа дейін өсті.

Өткен жылы Қазақстан 19,9 мың тонна сиыр етін экспорттады

І жартыжылдықтың қорытындысы бойынша мал шаруашылығының жалпы өнімі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 962,2 млрд теңгеден 1063,5 млрд теңгеге дейін, яғни 10,5%- ға ұлғайды, деп хабарлайды АШМ баспасөз қызметі.

Сиыр еті 477 мың тоннаны құрады, бұл ішкі тұтынудың 98%-ын, қой еті 150 мың тоннаны, шошқа еті 86 мың тоннаны қамтамасыз етеді.

2018 жылдың қорытындысы бойынша сиыр етінің экспорт көлемі 19,9 мың тоннаны, қой еті 3 мың тоннаны, шошқа еті 400 тоннаны құраған. 5 жыл ішінде тұрақты тұтыну өсімі кезінде құс етін өндіру көлемі 40%-ға артып, 192 мың тонна болған.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша 680 млн дана жұмыртқа экспортталды. Сүт өндіру көлемі 5,7 млн тоннаны құраған.
Ірі қара саны 7,2 млн басқа дейін, қой 18,7 млн басқа дейін, жылқы 2,6 млн басқа дейін, құс 44,3 млн басқа дейін өсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу