Өткен жылы Қазақстан көкөністі арзан алды

648

Өткен жылы Қазақстан көкөністі арзан алды

2017 жылғы қаңтар-қарашада экспортталатын тауарларға баға – 16,3%, импортталатындарға 6%-ға жоғарылады, деп хабарлайды ҚР ҰЭМ статистика комитеті.

Өткен кезеңде экспорттық жеткізілімдер бағасы ферроқорытпаларға – 38,3%, мырышқа –27,2%, мысқа – 25,5%, көмірге – 20,8%, мұнайға – 20,4%, қорғасынға 14,2%-ға жоғарылады, марганец кендеріне 18,7%-ға төмендеді. Мақта бағасы 7,3%, бидай – 4,9%, жүнге 4,8% төмендеген.
Импортталатын өнімдерден кофе – 17,5%, шай – 10,8%, сүт өнімдері – 10,3%, макарон өнімдері – 7%, құс еті – 5,1%, дәрі-дәрмектер 2,8%-ға қымбаттады, көкөністер – 25%, жемістер мен жаңғақтар 2,4%-ға арзандады. Қағазға – 10,1%, текстиль бұйымдарына – 7,2%, аяқкиімге 5,4%-ға жоғарылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу