Өткен жылы Қазақстан мен Саха арасында тауар айналымы $24 млрд-қа жетті

424

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Саха Республикасының (Якутия) басшысы Айсен Николаев сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту, инвестициялар тарту және мәдени-гуманитарлық саладағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады, деп хабарлайды inbusiness.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өткен жылы Қазақстан мен Саха арасында тауар айналымы $24 млрд-қа жетті Фото: primeminister.kz

Әлихан Смайылов Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту шеңберінде маңызды міндеттердің бірі - өзара сауда көлемін ұлғайту екенін атап өтті.

2022 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша елдер арасындағы тауар айналымы $24 млрд-ты құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7%-ға артық.

Премьер-Министрдің айтуынша, мұндай қарқынмен алдағы жылдары бұл көрсеткішті $30 млрд-қа дейін жеткізуге мүмкіндік бар.

Бұл ретте ол Якутиямен өзара тауар тасымалын ұлғайту бағытының әлеуеті зор екенін атап өтті.

2022 жылғы қаңтар-қарашада тауар айналымы шамамен $80 млн-ды құрады, бұл – өткен жылғы көрсеткіштен он есе жоғары.

Сондай-ақ Премьер-Министр екіжақты қарым-қатынастың маңызды бөлігі мәдени-гуманитарлық саладағы, атап айтқанда кинематографиядағы өзара іс-қимыл екенін айтты.

"Түркі халықтарының түп-төркіні мен қалыптасуы туралы бірлескен тарихи жоба дайындауға болады. Мұндай имидждік жобаны іске асыру қоғамның тарапынан Еуразияның көшпелі халықтарының мәдениеті мен тіліне және төл мұрасына деген қызығушылықтарын арттыруға мүмкіндік береді", — деді ол.

Өз кезегінде Айсен Николаев цифрлық технологиялар саласында, сондай-ақ экономиканың түрлі бағыттарында жаңа инвестициялық жобаларды іске асырудың мүмкіндігі жоғары екенін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу