Өткен жылы қазақстандық туристер жиі барған 10 ел

1428

"Туристік Қамқор" өткен жылдың есебін берді.

Өткен жылы қазақстандық туристер жиі барған 10 ел

Өткен жылы "Туристік Қамқор" корпоративтік қоры желісі бойынша 343 мың қазақстандық шетелде демалып қайтты, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.

Өткен туристік маусымда қазақстандықтардың дені демалуға Түркияны таңдаған, елімізден 148 мың адам саяхат жасапты. Қазақстандық туристердің қызығушылығы түскен екінші ел Мысыр болыпты, бұл елге 104 мың адам барған. Одан кейігі орында БАӘ тұр, Қазақстаннан 33,5 мың адам демалған. Туристердің таңдауы түскен келесі ел – Қытай мен Таиланд, бұл елдерге елімізден 18 мың адам саяхаттаған. Бесінші орында – Вьетнам (4,5 мың), алтыншы орында – Үндістан (2,7 мың), келесі – Чехия (2,4 мың), сегізінші орында – Доминикана (2,1 мың), одан кейінгі таңдауда Греция (2 мың) тұр, ал ондықты Грузия (1,4 мың адам) түйіндеді. 

"2018 жылы шетелге шыққан бірде бір қазақстандық сақтандыру жағдайын пайдаланбады. Барлық компания өз міндетін адал орындады. Туындаған кішігірім мәселелер жедел түрде сол жерде шешіліп отырды. Бірде бір қазақстандық туроператордың кінәсімен шетелден шұғыл шығарылған жоқ",– дейді "Туристік Қамқор" өткен жыл туралы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу