Өткен жылы қазақстандықтарға шетелден 1,8 миллиард доллар ақша аударылған

1043

Елдер бойынша келіп түсетін төлемдерің негізгі үлесі Ресейге, Швейцарияға, Корея Республикасына, АҚШ-қа және Люксембургке тиесілі.

Өткен жылы қазақстандықтарға шетелден 1,8 миллиард доллар ақша аударылған

2018 жылдың қаңтар-қарашасында Қазақстан азаматтары шетелден 1,8 млрд доллар ақша аударымын алған. Мұндай ақпаратты ҚР Ұлттық банкі таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"2018 жылғы қаңтар-қарашадағы кезеңде Қазақстанда жеке тұлғалар 637,507 млрд теңге сомасында (1,8 млрд АҚШ  доллары) 1,8 млн төлемдер мен ақша аударымдарын алған. 2017 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда операциялардың саны 36,7 пайызға өсті, ал сома 23,5 пайызға төмендеді",– делінген банк мәліметінде. 

Операциялардың негізгі көлемі өтеусіз ақша аударымдарына тиесілі. Ол 368,8 млрд теңгені немесе Қазақстан Республикасына келіп түскен төлемдердің жалпы көлемінің 57,8 пайызын құрайды. Тиісінше, өз банктік шоттарының арасындағы ақша аударымдарына –11,2%, бағалы қағаздарды сатып алуға – 7,2%, көрсетілетін қызметтер үшін төлемдерге – 2,8%, тауарлар үшін ақы төлеуге – 2,4% және басқа да төлемдерге – 18,6% тиесілі.

Төлемдер валютасы бойынша АҚШ долларына төлемдердің жалпы көлемінің 64,5, Ресей рубліне 19,7, еуроға 7,3, басқа да валюталарға 8,5 пайызы (теңгені және фунт стерлингті де қоса алғанда 11 валюта) тиесілі болып отыр. Елдер бойынша келіп түсетін төлемдерің негізгі үлесі Ресейге, Швейцарияға, Корея Республикасына, АҚШ-қа және Люксембургке тиесілі, олардың жиынтық үлесі 62 пайызды құрады. 

Жеке тұлғалардың пайдасына Ресейден Қазақстанға жіберілген төлемдердің жалпы сомасының 59,5 пайызы Ресей рубльімен және 29,9 пайызы АҚШ долларымен жасалған. Ресейден алынған төлемдердің  құрылымында өтеусіз аударымдар 84,2 пайызды құрады. Швейцариядан алынған төлемдер мен ақша аударымдарының 89,4 пайызы АҚШ долларымен, ал 9,4 пайызы еуромен жүзеге асырылған. Швейцариядан алынған төлемдер мен ақша аударымдарының құрылымында бағалы қағаздарды сатып алу 36,8, меншік шоттарға аударымдар  30,4 пайызды құрады. Қалған елдер бойынша Қазақстанға жіберілген операциялардың басым көлемі АҚШ  долларымен жасалған: Корея Республикасы – 98,9, АҚШ – 99,3, Люксембург – 97,5 пайыз.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу