Өткен жылы қосымша сегіз коммерциялық жолаушылар пойызы жолға шықты

1900

Өткен жылы 20-дан астам қосымша жолаушылар пойызы ұйымдастырылған.

Өткен жылы қосымша сегіз коммерциялық жолаушылар пойызы жолға шықты

Өткен жылы 20-дан астам қосымша жолаушылар пойызы ұйымдастырылды, деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ ашқан "Алматы – Түркістан" және "Астана – Түркістан" қатынасындағы екі жаңа бағыт Түркістан облысына бару мүмкіндігін айтарлықтай кеңейтті.

Бұдан басқа, өңірдің көліктік қолжетімділігін дамыту үшін "Түркістан – Сарыағаш", "Түркістан – Бадам" және "Түркістан – Шымкент" қаламаңы әлеуметтік-маңызды бағыттар бойынша пойыздардың қатынасы ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, жолаушылардың сұрауы мен өтініштерін назарға ала отырып, 2018 жылы республикаішілік бағыттар бойынша қосымша сегіз коммерциялық пойыз, сондай-ақ халықаралық жолаушылар пойызының "Қарағанды – Томск" бағыты ашылды. Мереке мен мерекеалды күндері 13 қосымша пойыз жолға шығарылды.

Өткен жылы "Алматы – Павлодар", "Астана – Риддер" бағытындағы "Тұлпар – Тальго" вагондарынан құралған екі жолаушы пойызының жылжымалы құрамы жаңартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу