Өткен жылы Омбыдан Қазақстанға 5 мыңға жуық адам көшіп келген

891

Өткен жылы Омбыдан Қазақстанға 5 мыңға жуық адам көшіп келген

Омбы облысының тұрғындары Қазақстан мен Украинаға жаппай көшіп жатыр, деп жазады "Омск здесь" баспасы. 
Омбы облысы бойынша мемлекеттік статистика федералдық қызметінің аумақтық орган мамандары осындай қорытындыға келіп отыр.  
"2017 жылдың көші-қон нәтижесі бойынша Омбының көптеген тұрғыны шетелге қоныс аударған. Оның ішінде 4721 адам - Қазақстанға, 323 адам - Арменияға, 696 адам - Украинаға көшкен. Сонымен қатар омбылықтардың 320-сы Германияға, 21-і Вьетнамға, 27-сі Грузияға, 20-сы АҚШ-қа, 11-і Канадаға кеткен", – деп жазады баспа. 
Бір жылдың ішінде өңірден кеткен адамның саны 63 мың 935 адам болған. Ал келген адамның саны 54 мың 82 адам. Осылайша, көші-қон шығыны 2016 жылмен салыстырғанда 66 пайызға өскен. 
Омбылықтардың басқа елдерге көшкендердің саны 7,6 мың, оның 789-ы ТМД елдерінен тысқары елдерге кеткен. 
"Қаладан кетіп жатқан омбылықтардың көпшілігі еңбекке қабілетті адамдар", – деп жазды баспа. 
Статистика комитетінің мәліметі бойынша, 2017 жылы Қазақстаннан 35680

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу