Өткен жылы Павлодар облысында инфляция 8,3%-ды құрады

902

Өткен жылы Павлодар облысында инфляция 8,3%-ды құрады

Былтырғы жылы азық-түлік тауарларының бағасы 9,5%-ға, азық-түлік емес тауарлары – 9,3%-ға, ақылы қызметтер – 6,1%-ға өсті.

Облыстық статистика департаментінің дерегі бойынша, ағымдағы жылдың басынан бері (2016 жылғы желтоқсан 2015 жылғы желтоқсанға) шай бағасының 46,4%-ға, жұмыртқа – 19,5%-ға, кондитерлік өнімдер – 17,1%-ға, нан және жарма өнімдері – 14,9%-ға, қант – 14,8%-ға, сүт өнімдері – 10,2%-ға, алкогольді ішімдіктер және темекі өнімдері – 8,1%-ға, балық және теңіз өнімдері – 7,8%-ға, май және тоң май – 7,1%-ға, ет – 5,3%-ға, жемістер мен көкөністер бағасының – 1,7%-ға өскені анықталды.
Азық-түлік емес тауарлары нарығында фармацевтикалық өнімдер бағасы 25,1%-ға, кеңсе тауарлары мен сызу құралдары– 16,4%-ға, автомобильдер – 13,7%-ға, жеке қолданатын тауарлары – 11,4%-ға, жуғыш және тазалағыш құралдар - 11%-ға, киім және аяқ киім – 9,2%-ға, тұрмыстық аспаптар бағаларының – 8,5%-ға өсуі байқалды. Жанар-жағармай материалдарының бағасы 8,8%-ға қымбаттады. 
Денсаулық сақтау қызметтерінің баға деңгейі 16,8%-ға, көлік қызметтері – 9,6%-ға, мейрамханалар мен қонақ үйлер – 9,1%-ға, сақтандыру және құқықтық қызметтеріне 7%-дан, білім беру – 6,1%-ға, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындарының қызметтері– 6%-ға өсті.
Тұрғын үй-коммуналды қызметтер саласында ыстық сумен жабдықтау және орталықтан жылыту тарифтері 10,8%-дан, электр энергиясы және суық сумен жабдықтау бағалары 7%-дан өсті, сонымен қатар кәріз тарифінің бағасы 6%-ға төмендеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу