ОҚО Сарыағаш ауданында минералды және термалды суларды пайдалану арқылы сауықтыру туризмі дамып келеді. Бүгінгі таңда шипалы суымен әлемге танылған Сарығаш ауданда 26 емдік сауықтыру орталығы қызмет көрсетеді. Мұнда өткен жылы 84 мыңнан астам адам келген, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.
Бүгінде сауықтыру туризмін дамыту мақсатында "Сарыағаш" курорты аумағында ат туризмі, велотуризм мен мәдени-тарихи туризмді дамыту алға қойылған мақсаттардың бірі.
Олардың айтуынша, курорт аумағынан жеке инвесторлар есебінен жалпы құны 9 710,0 млн теңгені құрайтын 9 жобаны іске асыру жоспарлануда. Нәтижесінде 600 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Жобада шипажай, қонақ үй, автотұрақ, ашық және жабық бассейн, спа – орталық пен конференц-зал қарастырылған.
Ал өткен жылы туризм саласы бойынша жалпы құны 635 млн теңге болатын 3 жоба іске қосылып, 128 жұмыс орны ашылды.