Өткен жылы шетелден 34 мың тоннадан астам киім импортталды

790

Бұл тауарлардың бағасы 512,3 млн АҚШ долларын құрады.

Өткен жылы шетелден 34 мың тоннадан астам киім импортталды

2018 жылы Қазақстанға 34,5 мың тонна киім импортталды, деп хабарлайды LS.

Импорт заттай  4,9% - ға қысқарса, ақшалай мәнде 5,5% - ға өскен.

Өткен жылы ең көп киім-кешек Өзбекстаннан келіп түсті (18,4 млн доллар, 10,1 мың тонна). Ал 2017 жылы ең үздік киім жеткізуші болған  Қытайдан былтыр  83,5 млн долларға 8,5 мың тонна тауар әкелінді.

2018 жылы Қазақстанға осы тауарды Ресей - 6,2 мың тонна ($158,2 млн), Түркия – 4,6 мың тонна ($98,5 млн), Бангладеш – 1,9 мың тонна ($42,9 млн), Қырғызстан – 1 мың тонна ($3 млн), Иран – 228,7 тонна ($133,9 мың)  жеткізді.

Сондай-ақ еліміз Үндістаннан $6,9 млн – ға 224,3 тонна киім, Египеттен – 222,6 тонна ($3,9 млн), Беларусиядан – 215,8 тонна ($7,3 млн), Камбоджадан-186,1 тонна ($5,7 млн) сатып алды.

Ал Пәкістаннан $3,5 млн-ға 169,2 тонна, Вьетнамнан 128,9 тонна ($5,1 млн), Мароккодан 120,6 тонна ($5,9 млн), ал Италиядан 86,7 тонна ($28,5 млн) киім өнімдері импортталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу