Өткен жылы шикізаттық емес тауар экспорты 21,7 млрд долларды құрады

401

Былтыр шикізаттық емес тауарлардың экспорты 21,7 млрд долларға жетті. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

Өткен жылы шикізаттық емес тауар экспорты 21,7 млрд долларды құрады Фото: baq.kz

"2022 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша шикізаттық емес тауарлардың экспорты 21,7 млрд долларды құрады. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 34,8%-ға артық. 9 айдағы экспорттық қызметтер 31%-ға артып, 5,5 млрд долларға жетті. (...) Биыл "Экспорттық-кредиттік агенттік туралы" Заңын қабылдау мен экспорттық сауданы қаржыландыру тетіктерін дамыту жоспарланып отыр", - деді ол министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.

Министрдің сөзінше, экспорттаушыларға белсенді қолдау көрсетіліп, экспорт географиясын кеңейту бағытындағы шараларды қабылдау жалғасады.

"Аталған шаралар 2025 жылға қарай елдің шикізаттық емес тауар экспортының көлемін 41 млрд долларға жеткізуге мүмкіндік береді деп  күтілуде", - деп атап өтті ведомство басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу