Өткен жылы ШҚО-да 340 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

687

Өткен жылы ШҚО-да 340 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Өскеменде Шығыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы өтіп, онда өңір басшысы Даниал Ахметовтің есебі тыңдалды. Облыс әкімі Шығыс Қазақстанның өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық дамудың қорытындысы туралы баяндап, президенттің халыққа жолдауын жүзеге асыру аясында биыл атқарылатын жұмысқа тоқталды.

2016 жылы өңірлік жалпы өнім 14%-ға өсіп, 2,6 трлн теңгеден асқан. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 41%-ға өскен. Астықтың мол шығуы мен мал шаруашылығы өнімі өндірісінің өсуі есебінен ауыл шарауашылығының жалпы өнімінің көлемі 11%-ға артқан. Негізгі капиталға инвестиция 6%-ға, құрылыс жұмыстарының көлемі 44%-ға өскен. Мемлекеттік бағдарламаларды орындау аясында 17 мың жаңа жұмыс орны ашылған. 340 мың шаршы метр тұрғын үй мен 10 әлеуметтік нысан салынып, қолданысқа берілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу