Өткен жылы ТМД елдері темір жолдарымен 18,6 миллион жолаушы тасымалданды

713

Ал жүк тасымалы 2 млрд 32 миллион тоннадан асып, жүкайналымы 4 пайыз өсті.

Өткен жылы ТМД елдері темір жолдарымен 18,6 миллион жолаушы тасымалданды

ҚТЖ мәліметіне сүйенсек, 2019 жылдың І тоқсанында ТМД елдері темір жолдарымен 495 млн тонна жүк тасымалданыпты, ал бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейден 0,4% көп.

Өткен жылы 2 млрд 32 миллион тоннадан астам жүк тасымалданған. Аталған көрсеткіш 2017 жылғыдан 1,5% артық. Жүкайналымы 4% өсті.

ТМД елдері арасында жүктерді тасымалдау бойынша алған міндеттемелерін асыра орындаған теміржол әкімшіліктерінің қатарында "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ (+0,6%) да бар.

Бұл ретте Достастық елдер кеңістігінде контейнерлік тасымалдар жедел қарқынмен өсуде: 2018 жылы – 12,8%, 2019 жылдың І тоқсанында өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда – 15,5%.

2018 жылы ТМД темір жолдарымен халықаралық қатынаста жолаушылар тасымалы 18,6 млн адамға жетсе, бұл 2017 жылғыдан 0,7% артық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу