Өткен жылы Төле би ауданына 34 мыңнан астам турист барған

555

662 млн 416 мың теңгеге қызмет көрсетілді. 

Өткен жылы Төле би ауданына 34 мыңнан астам турист барған Фото: tausamaly.kz

Төле би ауданында бүгінгі таңда 76 нысан жұмыс жасап жатыр. Олар: бір шаңғы базасы, 4 емдік-сауықтыру орны, 71 демалыс аймағы, 64 саяжай, деп жазады inbusiness.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауданның демалыс орындары тұрғындарға жыл мезгілдеріне орай тауда тынығу, атта серуендеу, шаңғы тебу, сырғанау секілді қызмет түрлерін ұсынады. Қыс мезгілінде таудың әсемдігін тамашалап, таза ауамен тыныстап, шаңғы тебу үшін "Тау Самалы" демалыс аймағының "Алатау" тау шаңғы базасы, "Алма-тау" тау курорты қызмет көрсетеді. Ал, емделушілерге "Біркөлік" санаториясы, "Дихан Тау" саумалмен сауықтыру орталығы жұмыс жасауда. Балық аулауға арналған "Сақ" демалыс аймағындағы 3 көлде карп пен форель балықтары өсірілуде.

Сонымен қатар тау туризмін дамыту мақсатында "Қасқасу туристік-рекреациялық кешенінің" құрылысы жүріп жатыр. Кешен іске қосылғанда туристер саны едәуір артады деп күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу