Өткен жылы Жамбыл облысында болған пойыз апатына айыптыларға сот үкімі шықты

953

Сотталғандар шешіммен келіспей, апелляциялық шағым түсірмек.

Өткен жылы Жамбыл облысында болған пойыз апатына айыптыларға сот үкімі шықты

Жамбыл облысындағы жолаушылар пойызы апатына айыптыларға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Atameken Business

Адам өліміне әкелген төтенше жағдайға байланысты сот алдында 3 айыпталушы жауап берген еді. Олар –  "Қазақстан темір жолы" Шу аралығы директорының орынбасары, екінші өндіріс аймағының басшысы, сондай-ақ оның орынбасары. Олар қауіпсіздік шараларын бұзғаны үшін немесе теміржол көлігін пайдалануда қауіпсіздік шараларын сақтамағаны үшін айыпты деп танылған болатын.

"Қазақстан темір жолы" Шу аралығы директорының орынбасары 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал қалған 2 айыпты алдағы 2 жыл өмірін темір тордың ар жағында өткізбек. Сондай-ақ, сот оларға қаза тапқан баланың отбасына, зардап шеккендерге материалдық көмекті өтеуді міндеттеді. Оның жалпы соммасы 3 миллион теңгеге жуық.

Сотталғандар шешіммен келіспей, апелляциялық шағым түсіруге ниетті.

Еске салайын, өткен жылы маусым айында Жамбыл облысының Шу ауданында Астана – Алматы бағытындағы №9 "Бәйтерек" пойызының вагондары рельстен шығып кеткен. Алты вагон аударылып қалған болатын. Сол кезде сегіз адам зардап шегіп, 12 жастағы бала қаза тапты. Ол отбасымен бірге Ыстықкөлге демалуға бара жатқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу