Өткізу бекеттеріндегі жағдайды жақсарту қажет

951

Алматы облысындағы "Алтынкөл", "Нұр Жолы" кеден бекеттерінде жүк көліктері мен пойыздар іркіліп қала береді. Салдарынан кәсіпкерлер шығын шегеді. 

Өткізу бекеттеріндегі жағдайды жақсарту қажет

Сенатор Нұрлан Қылышбаев Қазақстан мен Қытайды байланыстырып тұрған шекарадағы жағдайды күн тәртібіне қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Үкімет басшысына жолдаған сауалында депутат өткізу бекеттеріндегі жағдайды жақсарту қажеттігін айтты. 

"Өткізу бекеттеріндегі кептелісті жою амалын қарастырып, түбегейлі шешім қабылдау керек. Бұл ретте "ҚТЖ" ҰК" акционерлік қоғамының цифрлық трансформациясының кешенді стратегиясын жасау, қағаз құжат айналымын алып тастау, локомотивтік тартқыш, сондай-ақ темір жол желісі мәселелерін шешу, бірыңғай ақпараттық дерекқор құру арқылы көліктік бақылау учаскесін цифрландыру, "Нұр жолы" өткізу пунктінде тұрып қалған бос тіркемелерді Қытайдың қабылдауын қамтамасыз ету, теміржол, автомобиль көлігімен өткізілетін қазақстандық экспорттық тауарларды қабылдау сынды мәселерді уақыт оздырмай ретке келтірген жөн", – деді депутат.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу