Отпантауда "Бірлік оты" жағылып, 58 киіз үй тігілді

151

Маңғыстаулықтар жылдағы дәстүр бойынша Амал мерекесін тойлау үшін "Адай ата-Отпан тау" тарихи-мәдени кешенінде бас қосты, деп жазады inbusiness.kz сайты otpannews.kz порталына сілтеме жасап.  

Отпантауда "Бірлік оты" жағылып, 58 киіз үй тігілді Фото: otpannews.kz

Биыл бірлік отын Қосай ата ұрпақтары Тәзіке ата ұрпақтарына табыстады. Ақын, Алаш сыйлығының иегері Сабыр Адай ұлттық-рухани іс-шараның маңызы туралы пікірін айтып, Отпантау идеясын 2004 жылы ұсынғанын жеткізді.

58 киіз үй тігіліп, он мыңнан астам адам жиналды. Театрландырылған көрініс көрсетіліп, "Бірлік оты" жағылды.

Мереке аясында "Амалдың ақ таңы" атты облыстық суретшілер пленэрі өтті.

Әзербайжан, Түркия, Өзбекстан мен Түрікменстан елдерінен дәстүрлі әншілері келіп, өнер көрсетіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу