"Оттегі баллоны жарылса, біз тірі қалмас едік": Ұшақ апатынан аман қалған бортсерік бар көргенін айтты

1911

Экипаж мүшесі ұшақта оттегі баллоны жарылмаған деп отыр.

"Оттегі баллоны жарылса, біз тірі қалмас едік": Ұшақ апатынан аман қалған бортсерік бар көргенін айтты Фото: inbusiness.kz

Ақтау маңында болған ұшақ апатынан тірі қалған Azerbaijan Airlines стюардессасы Айдан Рагимли Әзербайжандық бұқаралық ақпарат құралдарына оқиғаның қалай болғанын айтып берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Oxu.az порталына берген сұхбатында Рагимли ұшу кезінде сырттан соққы жасалғанын айтты.

"Бірінші соққыдан кейін оттегі маскалары ашылды, ал жолаушыларға көмектесуге тырысқанда, екінші соққыны естідік", – деді экипаж мүшесі.

Оның сөзінше, салдарынан екінші бортсерік Зульфугар Асадов жарақат алған, Айдан Рагимли Рагимли әріптесіне көмек көрсеткен.

Azerbaijan Airlines стюардессасы әуе кемесінде оттегі баллоны жарылды деген нұсқаға өз пікірін білдірді.

"Біз ұшақтың артқы бөлігіне барып, бортсеріктерге арналған орында отырдық және оттегі маскаларын тақтық. Мен әріптесіме алғашқы көмек көрсеттім. Біз аға бортсерікпен үнемі байланыста болдық. Сынықтар ұшаққа тиді. Оттегі цистернасының жарылуы туралы ақпарат дұрыс емес. Ондай болған жағдайда, біз тірі қалмас едік. Көзімді ашып, қайда екенімді сұрағанымда, маған Ақтауда екенімді айтты", – деді Айдан Рагимли.

Айта кету керек, осыған дейін https://inbusiness.kz/kz/last/azal-ushagynda-ottegi-ballonynyn-zharylgany-habarlangan-kolik-ministrligi AZAL ұшағында оттегі баллонының жарылғаны хабарланғанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу