Отын-энергетика кешенінде жоспар асыра орындалып жатыр

1038

Үкімет отырысында энергетика министрі Нұрлан Ноғаев отын-энергетика кешенінің соңғы 3 айдағы нәтижесіне қатысты мәлімдеме жасады. 

Отын-энергетика кешенінде жоспар асыра орындалып жатыр

Министрлер кабинетінің мүшелеріне биылғы жылдың бірінші тоқсанында 
13,9 млрд текше метр көлемінде газ өндіріліп, жоспар 100% орындалғаны баяндалды, деп хабарлайды inbussines.kz тілшісі. 

"Тауарлық газды ішкі тұтыну көлемі 6,6 млрд текше метрге жетті. Бұл көрсеткіш бойынша жоспар 111,3%-ға орындалды. Ал газ өндіру көлемі 13,9 млрд текше метрді құрап, жоспар толығымен, яғни 100% жүзеге асты", – деді Нұрлан Ноғаев. 

Министрдің мәлімдеуінше, сұйытылған мұнай газын өндіру көлемі 817 мың тоннаны құрады. Мұнда да жоспар ойдағыдай болды. 

"Экспортқа шығарылған газ көлемі 2,1 млрд текше метрді құрады. Сәйкесінше жоспар 105,4 %-ға орындалды", – деді энергетика министрі.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу