Отын-энергетика саласы мамандары кәсіподақтарын тіркеуден өткізе алмай жүр

1318

"Отын-энергетикалық кешені қызметкерлерінің салалық кәсіподағы" қоғамдық бірлестігінің мүшелері бірнеше жылдан бері кәсіподақ мәртебесін заңдастыра алмай жүр. Бұл туралы бірлестік жетекшілері Нұр-Сұлтанда арнайы баспасөз жиынын өткізіп, мәселелерін айтып берді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі "Азаттық радиосына" сілтеме беріп.

Отын-энергетика саласы мамандары кәсіподақтарын тіркеуден өткізе алмай жүр

Кәсіподақ төрағасы Құспан Қосшығұлов тәуелсіз кәсіподақтарды тіркемеудің саяси астары бар деп санайды. Себебі жұмысшылар бастамасымен құрылған кәсіподақ билікке де, жұмыс берушіге де "кедергі" келтіруі мүмкін. Биліктегілерге өз құқығын қорғай алатын жұмысшы емес, "құлдар" керек.

"Тәуелсіз кәсіподақ болмағандықтан еңбек дауына байланысты құқықтарын пайдаланып шыққан ереуілдердің бәрін жұмыс берушінің арызымен сот заңсыз деп таниды, айыппұл салады, жұмыстан шығарады. Мұның бәрі саяси тапсырма", – деп есептейді ол.

Оның айтуынша, мемлекет 2014 жылы қабылдаған кәсіподақ туралы заң тәуелсіз кәсіподақ құруға ұмтылғандардың жағдайын ауырлатып жіберген. 2020 жылы мамырда бұл заңға өзгеріс енгізгенімен, ол өзгеріс жағдайды жақсартатындай болмады. "Алдамшы".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу