"Отыра да, тұра да алмайды": Марқұм Шерзаттың ағасынан жауап алынды

75953

16 жастағы Шерзат Болаттың ісі бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр. 

"Отыра да, тұра да алмайды": Марқұм Шерзаттың ағасынан жауап алынды Фото: коллаж: inbusiness.kz

Жәбірленуші тараптың құқық қорғаушысы Саида Тәуекелова іске қатысты жаңа мәліметтер айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Адвокаттың айтуынша, Шерзаттың ағасы Нұрғанаттан жауап алынды. Бұл туралы ол Шерзат Болатқа арнап ашылған парақшада хабарлады.

"Тергеу іс-шараларының тағы бір күні артта қалды. Бүгін жәбірленуші, Шерзаттың ағасы Нұрғанаттан жауап алынды. Алған пышақ жарақатына байланысты ол қазір отыра да, тұра да алмайды. Бірақ соған қарамастан Нұрғанат барлық сұраққа толық жауап берді", – делінген жазбада.

Ақпаратқа сәйкес, Нұрғанат Ғаепбаев 9 жылдан астам уақыт жедел жәрдем бригадасында еңбек еткен.  

"2021 жылы ҚР ҰҚК авиациялық қызметінің АН-26 әскери ұшағы Алматы әуежайына қонған кезде апатқа ұшырады. Сол уақытта Нұрғанат жанып жатқан ұшақтан екі әскери адамды құтқарып қалды. Бұдан бөлек жұмыс барысында әйелдерді шұғыл босандыруға да қатысты. Қайғылы оқиға болған күні ол өзінің інісін қорғамақ болды, бірнеше рет пышақ жарақатын алды", – делінген желідегі парақшада.

Айта кету керек, осыған дейін Шерзат Болаттың өліміне қатысты сот отырысы онлайн өтуі мүмкін екенін жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу