Отырар ауданында дарияға батқан бір әулеттің 4 отбасы мүшелері жерленді

3525

Түркістан облысының әкімі қайғылы жағдайға ұшыраған әулетке барды  

Отырар ауданында дарияға батқан бір әулеттің 4 отбасы мүшелері жерленді Фото: facebook.com/ontustik.gov.kz

Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Отырар ауданында қайғылы жағдайға ұшыраған әулетке барды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Әкім Сырдария өзенінде болған оқыс оқиға салдарынан қайғы жамылған әулеттің ата-анасына, ет жақындарына көңіл айтты. Тиісті көмек көрсетіп, қажеттілігінше қолдау ұйымдастыру жүргізілетіндігін жеткізді.

Суған батқан 11 адамның 9-ы табылып, жаназасы шығарылып, жер қойнына тапсырылды. Оқыс оқиғаға орай Төтенше жағдайлар департаменті жанынан жедел штаб құрылып, құтқарушылар, аудан әкімдігі мен орман шаруашылығы және еріктілер жолданып, бірден іздестіру шараларына кірісті. Мәселе облыс басшысы Дархан Амангелдіұлының тікелей бақылауына алынып, тиісті үйлестіру жұмыстарын жүргізді.

Аталған жерде болып, тиісті көмектер ұйымдастырылды. Іздестіру шараларына жалпы 150 бригада, 16 техника, 6 жүзу құралы жұмылдырылды.

Құтқарушылар мен еріктілер тұрғындарға жаз бойы бұл жерге суға түсуге болмайтыны жайлы жан-жақты ескерту жүргізген. Анықталғандай, мұндай түсіндіру жұмыстарына дәл осы әулет те қатысқан. Алайда рұқсат етілмеген орында шомылудың зардабы мен сақтық шараларын ескермеудің салдары осындай жағдайға ұласып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу