Отырарлық тұрғындар ерекше қорғалатын аумақта заңсыз аң аулаған

123

3 азамат ұлттық парк аумағында қабан атқан.  

Отырарлық тұрғындар ерекше қорғалатын аумақта заңсыз аң аулаған Фото: instagram/syrdaria_turkestan

"Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі" КММ-нің мемлекеттік инспекторлары арнайы рейд барысында ерекше қорғалатын табиғи аумаққа жататын жерден заңсыз аң аулауды анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Күдіктілерден 2 мылтық, 4 жарық шамы Отырар аудандық полиция бөліміне (АПБ) тиісті шешім қабылдау үшін айғақ ретінде өткізілді.

"Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда заңсыз аңшылық еткен азаматтар ҚР ӘҚБтК-нің баптарына сәйкес 70 АЕК көлеміндегі айыппұл арқалауы мүмкін. Ал қабан жануарын заңсыз олжалау үшін келтірілген залал соммасы 250 АЕК тең. Сондай-ақ топпен аңшылық жасау әрекеттері ҚР ҚК-не сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылады", – делінген аталған табиғи парк хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу