Өз анасын тонап кеткен ұры ұсталды

811

Қарағанды облысында ауыл тұрғыны өз анасын тонап кеткен, деп хабарлайды Polisia.kz

Өз анасын тонап кеткен ұры ұсталды

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының полиция қызметкерлері бір күнде үш ұрлықты ашты.

81 жастағы зейнеткер қоңырау шалып, белгісіз біреу үйден 9 мың теңге тұратын ұялы телефонын ұрлап кеткеніне шағымданған. Жалпы шығын сомасы 14 мың теңгені құрады. Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол өтініш берушінің 42 жастағы ұлы болып шықты. Заттай дәлел – ұялы телефон тәркіленіп алынды.

Барлық фактілер бойынша ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу