Өз бағытыңыздың жөнелтілу мен келуі уақытын ҚТЖ сайтынан көруге болады

849

Енді порталдың жаңа нұсқасында пайдаланушылар пойыздың жүру жолы, толық бағыты сияқты, сонымен қатар жолаушы жолының нақты үзігін көре алады. 

Өз бағытыңыздың жөнелтілу мен келуі уақытын ҚТЖ сайтынан көруге болады

Bilet.railways.kz сайтының әкімшілігі пайдаланушылар пікірлері мен ескертпелерін зерделей келіп, сервис жұмысына бірқатар өзгерістер енгізді, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" баспасөз қызметі.

Енді, порталдың жаңа нұсқасында пайдаланушылар пойыздың жүру жолы, толық бағыты сияқты, сонымен қатар жолаушы жолының нақты үзігін көре алады. Бұл орайда бағыттың станцияға келу және жөнелтілу уақыты дұрыс көрініс табады. Бұл функционал сайттың мобилдік нұсқасымен қатар бірінші рет пайда болды. Бұнымен қоса, жолаушылар билет сатып алуда үнемдеуіне болады. Атап көрсеткенде, ұзаққа жол жүрмейтін клиенттердің төсек керек-жарағынан бас тартуына мүмкіндік беретін жаңа опция енгізілді. Бұндай жағдайда оның құны билет бағасынан шегеріледі.

"Күту парағы" мен сайттың жұмыс жылдамдығымен үлкен жұмыстар ақтарылып, ҚР Фискальдық Мәліметтері Операторымен жұмыс архитектурасы толық қайта қаралды.

Сондай-ақ қалаған орынды таңдау сүзбесінің дұрыс жұмыс істемейтін проблемасы шешімін тапты. Сайт пайдаланушысын тіркеу рәсімі айтарлықтай оңайлатылды, енді поштаға келіп түсетін тіркелгеніңді растауды күтудің қажеті жоқ. Жаңа пошталық сервер қосылып, электрондық поштамен хат жөнелту жылдамдығы артты", - дейді Сайт әкімшілігінің өкілдері. Әзірлеушілер жолаушылар тізімі үшін телефон нөмерлері мен жынысын сақтаумен байланысты туындаған кейбір пайдаланушылардың сұрақтарын да ескерді.

Мамандар мәзір элементтерін түзетіп, клиенттер үшін оны өте ыңғайлы етіп жасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу