Өз еркімен қару мен оқ-дәрі тапсырғандарға 4 миллион теңгеден аса сыйақы берілді

1133

Өз еркімен қару мен оқ-дәрі тапсырғандарға 4 миллион теңгеден аса сыйақы берілді

Павлодар облысында өз еркімен қару және оқ-дәрі тапсырған тұрғындарға 4 миллион теңгеден астам ақшалай сыйақы төленген, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Өңірлік ІІД  баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған сома 85  атыс қаруы және иір ойықты қаруға арналған 3 515 оқ-дәрі үшін ұсынылған. Қаруды ерікті түрде тапсыру  бойынша полицияға 109 өтініш келіп түскен.   

"Өңір тұрғындары 112  тегіс оқпанды және бір  қысқа оқпанды иір ойықты қару,  4 279 оқ-дәрі тапсырды. 10 мамыр күні  жергілікті тұрғын "ИЖ-18Е" маркалы, 12 мм калибрлі тегіс оқпанды сыңар ауыз аңшы мылтығын өз еркімен  әкелді. Ол қаруды  биыл мамыр айының басында Алюминстрой шағын ауданында тауып алған", - дейді  баспасөз қызметінен.

Бұдан басқа, Успен ауданының тұрғыны атасынан мұраға қалған шетел өндірісінен шыққан, 16 калибрлі тегіс оқпанды қос ауыз аңшы мылтығын  алып келген.

Еске сала кетейік, облыста 10 сәуірден бастап заңсыз сақталған атыс қаруы мен жарылғыш заттар, оқ-дәрілерді халықтан сатып алу  жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу