Өз ісін ашқысы келетін азаматтарға 20,3 мың грант көзделген

694

Биыл 199,8 мың адамға жұмыспен қамту бойынша көмек көрсету көзделген.

Өз ісін ашқысы келетін азаматтарға 20,3 мың грант көзделген

Бұл туралы арнайы брифингте ҚР ЕХӘҚМ Әлеуметтік көмек департаментінің директоры Асқар Ниязов мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Оның ішінде, Электрондық еңбек биржасы арқылы жұмысқа орналастыру, өз ісін ашқысы келетін азаматтар үшін 20,3 мыңнан астам грант бөлу, жастар практикасына 22 мың жолдама көзделген. Бұған қоса оқу орындарын бітірген азаматтар үшін 3 мың алғашқы жұмыс орны көзделген, тағы 36 мың адам біліктілікті арттыру курстарынан өте алады. Сондай-ақ 16,6 мың уақытша жұмыс жұмыс орындарын ашу, қоғамдық жұмыстарда 52,1 мың уақытша орын, 8,1 мың адам үшін жұмыс күші артық өңірлерден тапшы өңірлерге көшуге субсидиялар беріледі", – деді спикер. 

Ол сондай-ақ 2021 жылдың қорытындысы бойынша 1 жастан 6 жасқа дейінгі табысы аз отбасылардан шыққан 259,4 мың бала тұрмыстық химия және азық-түлік жиынтығы түрінде әлеуметтік топтамамен қамтамасыз етілгенін, осы жылдың 4 айында – 144,6 бала қамтамасыз етілгенін айтты.

Сөз соңында Асқар Ниязов ҚР ЕХӘҚМ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және үздік нәтижелерге қол жеткізу мақсатында АӘК көрсету тетігін жетілдіру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

"2021 жылдың қазан айынан бастап Ақмола облысының Ақкөл ауданы мен Нұр-Сұлтан қаласында "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ арқылы атаулы әлеуметтік көмек төлеу бойынша пилоттық жобаны іске асыру басталды. Осы жылдың ақпан айынан бастап пилоттық жобаның географиясы елдің 2 өңірінен 8 өңіріне дейін кеңейтілді. Келесі кезеңде, мамырдан желтоқсанға дейін жобаны іске асыруға республиканың барлық өңірлерін қосу жоспарлануда", – деп түйіндеді спикер. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу