Өз қаражатына орнатқан Тәуелсіздік монументінің көшірмесін жергілікті билік алдыртып тастамақ

1165

Өз қаражатына орнатқан Тәуелсіздік монументінің көшірмесін жергілікті билік алдыртып тастамақ

Ақтөбенің қақ ортасында орнатылған Тәуелсіздік монументінің көшірмесі жергілікті билікке ұнамай қалды. Алайда ескерткішті осыдан он жыл бұрын өз қаражатына тұрғызған кәсіпкер Борис Байжарқынов Алтын Адамның тұғырдан түсуіне жол бермеймін деп отыр. Монументтің көшірмесін бизнесмен 2006-шы жылы Қытайда мәрмардан соқтырыпты. Бұған өз қалтасынан 35 млн теңге жұмсап, Алтын Адамды Ел тәуелсіздігінің 15-жылдығына туған қаласына сыйға тартқан. Барлық құжаттарын жинап, рәсімдеген. Алайда өткен жылы жергілікті билік ескерткіштің кіші архитектуралық формаға жатпайтының айтып, оны алдыртып тастау үшін сотқа жүгініпті. Ал сотта ұтылған Борис Байжарқынов шешіммен келіспейтіндігін айтып, енді "бар үмітім – Жоғарғы сот", деп отыр. Бір қызығы, билік соңғы 10 жылда кәсіпкерді жомарттығы, ұлтжандылығы, әлеуметтік, экономикалық және мәдени салаларды дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін бірнеше рет марапаттаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу