Бұл туралы Bazaar басылымы сот материалдарына сүйене отырып хабарлады.
Айта кетейік, Джолидің адвокаттары Брэд Питтің актриса мен оның балаларына зорлық-зомбылық көрсеткенін айтып, Лос-Анджелес Жоғарғы сотына құжаттарды тапсырған.
Белгілі болғандай, 2016 жылдың қыркүйегінде Брэд Питт Франциядан Лос-Анджелеске қайтып келе жатқанда бұрынғы әйелі мен балаларын қорлаған.
The New York Times басылымының жазуынша, Питт балалардың бірін тұншықтырып, екіншісін ұрып, Джолидің басынан ұстап, шайқаған. Анджелинаның осы оқиғадан кейін ажырасуға арыз бергені белгілі болды.
Адвокаттар Питтің Джолиге шабуылы осы оқиғадан біраз алдын басталғанын айтады.
"Брэд істеген ісі үшін жауапкершілікті өз мойнына алды, бірақ ол жасамаған ісі үшін емес", - деп жауап берді Питтің адвокаты.