"Өз өміріңе қарап, ақыл айт": Жеңіс Ысқақова айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваны сынап тастады

1696

Өнер иесі желіде ақыл айтып отыратын коуч-психологтарды да қатаң сынға алды. 

"Өз өміріңе қарап, ақыл айт": Жеңіс Ысқақова айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваны сынап тастады Фото: ашық дереккөз

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жеңіс Ысқақова ADAL Adam YouТube арнасына сұхбат беріп, әйелдердің қоғамдағы орнын талқылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Біз әйелдің құқығын қорғаймыз деп өзінің әйелдік міндетін атқармайтын әйелдерді қорғап қоюымыз мүмкін. "Әйел барған жерінің құлы болуы керек" деген сөзіме қаншама адам қарсы шықты. Олар сөз түбірін түсінбей тұр. Менің айтқым келгені, келін барған жерінің тәрбиесінен бастап, тазалығына дейін бойына сіңіруі керек. Отбасы құндылығы – сыйластық. Ер азамат өз міндетін, әйел өз міндетін атқаруы керек. Балаларға кішкентай кезінен тәртіпті, тәрбиені беретін – әйел адам. Отбасы құндылығы – ауызбіршілікте. Әйеліңе балаларымның анасы деп қара. Қазір әйелдерге түрлі ақыл айтқыштар көбейіп кетті. "Өзің үшін өмір сүр" деген ақылды өте көп естиміз. Әйел қалай өзі үшін өмір сүреді? Өмірге бала алып келдің бе, сенің өмірің, сенің жауабың осы балада. Баланың азамат болып өсуі, қыздың ұрпақ тәрбиелейтін ана болып өсуі – әйелдің қолында. Бала-шағаң үйде қарны ашып отырғанда, тапқан-таянғаныңды қалай үстіңе жабыстырасың?! Үстіңе жабыстырған жылтырақ, балаларыңның қарнын тойдыра ма?! Міне, таза топастық!" – дейді әнші. 

Ол әлеуметтік желідегі тым белсенді, ақыл айтып отыратын коуч-психологтарды да қатаң сынға алды.

"Ұят қой, кім кімге ақыл үйреткендей қазір?! Біреуге "былай өмір сүр" деп айтудың алдында өзіңнің өміріңе қара. Олардың кеңестерін мен "уағыз" деймін. Ол неге уағыз айтып, әйелдерді жолынан адастырады?! Отырып алып, ешкімнің біреуге ақыл айтуға құқығы жоқ. Бірінші өзіңді жөндеп ал. Бір Айнұр ғана тиісті дүние емес", – дейді мәдениет қайраткері. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу