Өз сайлау учаскеңізді алдын ала білуге болады

251

​Қазақстанда 23 тамызда өтетін Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына дайындық жүріп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Өз сайлау учаскеңізді алдын ала білуге болады Фото: ЖИ

Азаматтар дауыс беретін сайлау учаскесінің нөмірі мен нақты мекенжайын алдын ала анықтай алады.

Ол үшін GOV.KZ платформасында арнайы онлайн-сервис іске қосылды. Қызметті пайдалану үшін азамат өз өңірін таңдап, ЖСН енгізуі қажет.

Осыдан кейін жүйе сайлау учаскесінің нөмірі мен орналасқан жерін көрсетеді. Сайлау учаскесін мына сервистер арқылы тексеруге болады:

- gov.kz/sailau

- sailau.gov.kz

- sailau2026.gov.kz

Бұдан бөлек, қажетті ақпаратты eGov Mobile қосымшасындағы "Танымал қызметтер" бөлімінен де табуға мүмкіндік бар.

Сервистерге QR-код арқылы да жылдам өтуге болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу