Өз шаңырағын "діни медресеге" айналдырған

382

Түркістан облысының тұрғыны кәмелет жасына толмаған балаларға діни уағыз айтып, оқытып келген.

Өз шаңырағын "діни медресеге" айналдырған

Үйден ашылған медресе. Түркістанда жергілікті тұрғынның ешқандай рұқсатсыз өз шаңырағын діни оқу орталығына айналдырғаны анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті таратқан ақпаратқа сүйенсек, жеткіншектерге дінді дәріптеген азамат тек Түркістан облысының ғана емес Шығыс Қазақстан, Абай, Жамбыл облыстарымен көрші өзбек елінің де өрендерін оқытқан. Тіпті, дәрісіне әр баладан 100 мың теңге алған. Ұстаздың үйін тінту кезінде 100-ден астам діни кітап тәркіленді. Ешқандай рұқсатсыз мұндай әрекетке барған тұрғын енді полицияның арнайы бақылауына алынып, 350 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу