Өз спортшыларымызды даярлау қажет – Серік Сәпиев

1694

Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев Париж Олимпиадасына қазақ боксшыларын арнайы қолдап барған еді.

Өз спортшыларымызды даярлау қажет – Серік Сәпиев Фото: © Instagram.com/serik_sapiyev

Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев әлемдік додаларда еліміздің намысын қорғайтын шетелдік спортшыларды сатып алуға қатысты ойын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Легионерлер бойынша бұл әр мемлекетте бар практика. Әр елде легионерлерге көңілі көншімейтіндер табылады. Әрине, өз спортшыларымызды дайындауымыз керек. Қажет жағдайда шетелден тәжірибелі жаттықтырушыларды тартып, олардан үйреніп, өз спортшыларымызды даярлау қажет", - деді Серік Сәпиев елордада Париж Олимпиадасының бокстан күміс жүлдегері Нұрбек Оралбайды қарсы алу сәтінде БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу