Облыстық прокуратура сол күні сотталған тұрғын мен ұлының арасында өз үйінде жанжал туындағанын мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Отбасылық кикілжің кезінде ол пышақпен ұлының кеуде тұсынан, қолының ішкі тұсынан, басынан пышақ жарақатын салып, жүрек тамырын зақымдап, соның салдарынан жәбірленуші қайтыс болған.
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен сотталған Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, – делінген хабарламада.
Әзірге сот үкімі заңды күшіне енбеді.
– Тұрғындардан құқықбұзушылықтар мен зорлық-зомбылық фактілеріне бейжай қарамауды, мұндай жағдай болған кезде құқық қорғау органдарына уақытылы хабарлау қажет екенін ескертеміз, – деп мәлімдеді прокуратура.