Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "Kazakh Tourism" ҰК АҚ төрағасы Ержан Еркінбаев мәлім етті.
"Оқушылардың үшінші тоқсанның бір бөлігі мен төртінші тоқсанда үйде отырғанын ескеріп, біз озат атанғандарына Нұр-Сұлтанда арнайы сабақ ұйымдастыруды ұйғардық. ЭКСПО алаңында бірнеше пәннен мұндай сабақтар ұйымдастыруға болатынын білесіздер. Сонымен қатар оларды еліміздің ұлттық табиғи саябақтары, Алматы зообағында, Түркістан мен Тараздың тарихи-мәдени кешендері мен Абайдың туған жеріне алып бару қарастырылуда", – деді Ержан Еркінбаев.
Құралай Құдайберген
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу