2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

Өзбек азаматы болмашы нәрсе үшін көлігімен адамдарды таптап кеткісі келді

Ол бұл қадамға футбол командасының жеңілісі үшін барған.  

Өзбек азаматы болмашы нәрсе үшін көлігімен адамдарды таптап кеткісі келді Фото: gazeta.uz

Жантүршігерлік оқиға Өзбекстанның Самарқанд облысы, Нұрабад ауданындағы мектеп стадионында тіркелді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Nexia маркалы көлікті тізгіндеген ер адамның іс-әрекеті әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланған. Gazeta.uz-дің хабарлауынша, ол мұны командасының футболда жеңілгені үшін жасағанын айтқан әрі ісіне өкінетінін жеткізген. 

– Мен командамыз футболда жеңілгені үшін осылай істедім. Іс-әрекетіме қатты өкінемін, – дейді ол. 

Қазіргі уақытта жүргізуші ұсталып, көлігі уақытша айыппұл тұрағына қамалған. Жұртты әуре-сарсаңға салып, қорқытқан адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу