Өзбек билігі Қазақстанмен шекарадағы көлік кептелісіне қатысты түсінік берді

1076

Өзбек билігі Қазақстанмен шекарадағы көлік кептелісіне қатысты түсінік берді

Өзбек билігі екі ел шекарасында пайда болған жүк көлігі кептелісіне қатысты түсінік берді, деп хабардайды sputniknews.kz.

25 қазанда Қазақстанның инвестициялар және даму министрлігі қазақ-өзбек шекарасында 150-ден астам қазақстандық көліктің жиналып тұрғанын хабарлаған болатын. 

"Қазақстан мен Өзбекстан арасында халықаралық автомобиль тасымалдары туралы екі жақты келісімге қол қойылған. Осы келісімге сәйкес екі мемлекет арасындағы және олардың аумағындағы транзит рұқсатсыз негізде іске асырылады. Қазақстаннан Өзбекстанға немесе керісінше біздің елден көрші мемлекетке тасымалдау кезінде ешқандай проблема жоқ. Сонымен қатар осы аумақ арқылы транзитпен өткенде де ешқандай қиындық жоқ", - деді Өзбекстанның автомобиль және өзен көлігі мемлекеттік агенттігі басшысының орынбасары Шаалим Шавахабов.

Оның айтуынша, үшінші елдерден немесе осы елдерге жүк рұқсат қағаздары негізінде тасымалданады. 

"Биылғы жылға Өзбекстанның автомобиль және өзен көлігі мемлекеттік агенттігі мен Қазақстанның құзырлы органы арасында 1200 рұқсат бланкісімен айырбас болды. Қазіргі уақытта қазақстандық тарап шамамен 700 бланкіні пайдаланған. Сондықтан жыл соңына дейін бланкі жетеді", — деді ол. 

Оның пікірінше, шекарадағы жағдай заңға бағынбайтын тасымалдаушылардың кесірінен туындап отыр. 

"Кейбір тасымалдаушылар қолында рұқсат бланкісі болмаса да, шекараға келіп, Өзбекстанға өткізуді талап етеді. Бірақ, заңнамаға сәйкес ел аумағына үшінші елдерден жүк тасымалдаған кезде міндетті түрде рұқсат бланкілері рәсімделуі керек", — деп атап өтті агенттік басшысының орынбасары. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу