Бекзат Саттархановтың анасы қазақ боксшыларына реніші барын айтты

639

Марқұм боксшының анасы қазақ спортшыларына ренішін жеткізді.

Бекзат Саттархановтың анасы қазақ боксшыларына реніші барын айтты Фото: коллаж: inbusiness.kz

Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың анасы Сырлыкүл Саттарханова "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына берген сұхбатында әр Олимпиада алдында өзбек спортшылары одан бата алатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Айтуынша, отандық боксшылардан кезінде Бақтияр Артаев бата алған, Ермахан Ыбырайымов хабарласып тұрады. Басқа былғары қолғап шеберлері төбе көрсетпеген. 

Олимпиада алдында марқұм Бекзат Саттархановтың анасынан бата алуға өзбек боксшылары ғана келетін көрінеді.

"2004 жылы бір икаруспен келді. Жылда келіп тұрады. Биыл да келіп кетті. Биыл мен өзімнің бала-шағамды көрмеппін. Мен бала-шағам деймін оларды", - деді Сырлыкүл Саттарханова.

Подкаст жүргізушісі спикерден "Биыл қазақ боксшылары келген жоқ па? Батаңызды алмады ма?" деп сұрады.

"Біреуін де көрген емеспін. 24 жылда Бақтияр Артаевтан басқа ешкімді көрмеппін. Жылда өзбек боксшылары келіп менен бата алады. Жылда болмаса да Ермахан Ыбырайымов телефонмен хабарласып тұрады. Жылда болатын Бекзатты еске алу турнирінде ашылу салтанатына міндетті түрде қатысып кетеді. Енді басқа ұлдарымды (ред. - боксшыларды) көрген жоқпын. "Өзі жоқтың көзі жоқ" дейді ме екен, сол балаларға өкпемді жеткізейінші. Биылғы турнирде Олимпиада чемпиондарының ешқайсысын көрген жоқпын. Ешкім де келген жоқ. Ермахан ғана келді", - деді боксшының анасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу