Өзбек боксшысы жеңісін қайтыс болған 2 жасар қызына арнап, рингте жылап қалды

Ол кәсіпқой бокстағы 17-жеңісіне қол жеткізді.  

Өзбек боксшысы жеңісін қайтыс болған 2 жасар қызына арнап, рингте жылап қалды Фото: бейнежазбадан

Өзбекстандық спортшы 2016 жылғы Олимпиада ойындарының финалында қазақстандық Данияр Елеусіновке жол берген еді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Жартылай орта салмақта өнер көрсететін көрші елдің оғланы Шахрам Гиясов (17-0, 10 КО) кезекті жеңісін тойлады. Атлантик-Ситиде (АҚШ) өткен бокс мерекесінде аргентиналық Франко Максимилиано Окампоны (17-3, 8 КО) нокаутқа түсірді. 

Он раундқа жоспарланған жекпе-жек 4-раундта тоқтады. Гиясовтың қарсыласының ішінен ұрған соққысы жойқын тиіп, төреші кездесуді тоқтатуға мәжбүр болды. 
Жекпе-жектен соң Шахрам бұл жеңісін наурыз айында ғана шетінеп кеткен 2 жастағы қызына арнайтынын айтып, рингте ағыл-тегіл жылады. 

– Бұл жекпе-жек менің қызыма арналады. Бұл жеңіс менің қызым үшін. Мен оған әлем чемпионы боламын деп уәде бергенмін, – деді ол.

Осылайша, Гиясов кәсіпқой бокстағы 17-жеңісін тойлады. Ол кәсіби мансабында ең жеңілмеген. Ал қарсыласы Окампо осымен үшінші рет жеңіліп отыр. Бірақ, кәсіпқой рингте 17 мәрте жеңіске жеткен. 

Айта кетейік, Шахрам Гиясов 2016 жылғы Рио Олимпиадасында қазақ боксшысы Данияр Елеусіновтен жеңіліп, күміс жүлдегер атанған еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу