Бұл туралы upl.uz порталы хабарлайды, деп жазады Inbusiness.kz.
Атап айтқанда, ресейлік рестораторлар 20-30% деңгейінде кадр тапшылығын тудырған еңбек мигранттарының кетуіне алаңдаушылық білдірді.
"Мұндай жағдай бұрын-соңды болмаған", - деп жазады басылым.
Сонымен қатар, портал хабарлағандай, өзбек еңбек мигранттарының Ресейден кетуіне Өзбекстанның Орталық Банкінің нұсқауы негізінде қабылданған Payway және Oson ақша аударымдарының Өзбекстандағы қолданыстағы жүйелерінің халықаралық транзакцияларды уақытша тоқтата тұру туралы шешімі де әсер еткен болуы керек. Өйткені еңбек мигранттары Ресейден Өзбекстанға тапқан қаражатын осы банктер арқылы жіберіп отырған.