Өзбек халқының саны 36,8 миллионға жуықтады

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, халық саны 2,2%-ға өсті. 

Өзбек халқының саны 36,8 миллионға жуықтады Фото: pixabay.com

Статистика агенттігінің мәліметінше, 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Өзбекстанның тұрақты халқы 36 799 756 адамды құрады. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Өзбекстанның статистика агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, халық саны 2,2%-ға өсті.

Жалпы, 2023 жылдың басынан бері ел халқының саны 774,8 мың адамға дейін өскен.

Жылдық өсім орта есеппен 64,6 мың адамды құраса, ал күнделікті өсім 2,1 мың адамды құрады.

Айта кету керек, демографиялық болжамға сәйкес, 2030 жылға қарай Өзбекстан халқының саны 41 миллионнан асуы ықтимал.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу