"Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті халықаралық рейстер санын арттыру, сонымен қатар "ашық аспан" режимін жүзеге асыру жұмыстары аясында Өзбекстанның авиациялық билігімен бірге өзбекстандық бюджеті төмен "My Freighter" (Centrum Air) әуе компаниясының Қазақстанға тұрақты жолаушылар рейсін ашу мәселесін пысықтады", - делінген ведомство ақпаратында.
Комитет мәліметінше, аталған компания 5 маусымнан бастап, А-320 әуе кемесімен Алматы-Ташкент бағытында аптасына 3 рейс жиілігімен (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма) тұрақты тікелей жолаушылар рейсін жүзеге асыруды бастайды.
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы рейстер санының артуы екі елдің арасындағы сауда-экономикалық, туристік, мәдени ынтымақтастықты одан ары дамытуға септігін тигізеді.
Сондай-ақ әуе билетінің құнын төмендетуге мүмкіндік береді.