Өзбекәлі Жәнібек кесенесінде қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр

296

Ескі сылағы алынып, қабырғалар қайта сыланды.  

Өзбекәлі Жәнібек кесенесінде қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Telegram

Түркістан облысының Отырар ауданындағы Өзбекәлі Жәнібек кесенесінде реставрация жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазір кесененің күмбездері қыш кірпішпен қапталуда. Жұмыс аяқталған соң кірпіштердің жіктері су өткізбейтін арнайы қорғаныш қоспамен толтырылады.

Кесененің ішкі бөлігіндегі қабырғалар мен төбенің ескі сылағы алынып, қайта сыланған. Алдағы уақытта еден жаңартылып, есік-терезелер қалпына келтіріліп, орнына қайта орнатылады.

Мамандардың айтуынша, жүргізіліп жатқан жұмыстар кесененің тарихи келбетін сақтап, ғимараттың ұзақ уақытқа сақталуына мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу