Өзбекстан 2026-шы жылға дейін 20 ГЭС салмақ

782

Өзбекстан 2026-шы жылға дейін 20 су электр станциясы салмақ. Оған елдегі электр энергиясына деген сұраныстың артуы себеп. 

Өзбекстан 2026-шы жылға дейін 20 ГЭС салмақ

Ал жаңа нысандардың жалпы қуаты 740 мегаватқа жетуі тиіс. Жобаны қаржыландыруға шетелдік инвесторлар тартылмақ. Бүгінде Франция 60 миллион еуро бөлсе, Еуроодақ 1 млн берген. 

Өзбекстан мен Қырғызстан жыр болған Әндіжан су қоймасын бірігіп пайдаланатын болды. Осылайша 8 мыңға жуық шаруа қожалығын үздіксіз сумен қамтып, 500 млн доллар табуға ниетті. Оған қоса, екі ел шекарасында жаңа су электр станциясының құрлысы басталды.

Өзбекстанда үлкенді кішілі 50 су электр станциясы бар.Осылайша көршіміз электр қуатының 13 пайызын судан алып отыр. 

"Жобаға сәйкес Төменгі  шатқал су қоймасының биіктігі 50 метр, ал жалпы сыйымдылығы 6,8 млн м3 болады. Құрылысты 2025-ші жылдың басында аяқтаймыз. Осылайша 125 мыңнан астам үй шаруашылығын электр энергиясымен қамтамасыз етуге мүмкіндік туады. Ал Гидроқұрылыстар елімізге 100 жыл қызмет етеді", дейді Техникалық бақылаушы Одил Абдалиев.

Өзбекстан жаңа ГЭС-тің арқасында 90 миллион текше метр газ үндемек. Осылайша жасыл энергетиканы дамытады. Ал ол өз кезегінде шетелдік инвесторларды тартуға жағдай жасайды. 

"Су электр станциясының құрылсы ауаға бөлінетін зиянды газдарды азайтуға көмектеседі. Газды тұтыну азаяды. Менің ойымша гидроэнергетика ел үшін ең маңызды бағыттың бірі болуы керек", дейді Ресей гидротехника институты бас директорының орынбасары Александр Созинов.

ГЭС энергияның басқа турлеріне қарағанда ең арзаны. Қазақстанда да су электр станциялары көмірден кейін екінші орындағы қуат көзі. Алайда еліміз бұл саладығы әлеуетін толық пайдалана алмай отыр. Елдегі барлық су электр станциясы жылына орта есеппен 8-9 млрд кВт/сағ өндіреді. Ал Қазақстанның жалпы гидроэнергетикалық әлеуеті жылына 170 млрд кВт/сағ.

Маржан Жұмабай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу