Өзбекстан АЭС құрылысына шетелдік банктерді тартпақ

300

Өзбекстан АЭС құрылысын қаржыландыру үшін шетелдік банктермен келіссөз жүргізіп жатыр.

Өзбекстан АЭС құрылысына шетелдік банктерді тартпақ Фото: canva.com

Бұл туралы елдегі АЭС құрылысы дирекциясының басшысы Отабек Аманов мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.   

Қазіргі уақытта еуропалық, ресейлік және жергілікті өзбекстандық банктер жұмылдырылады.

АЭС негізгі екі бөліктен, ядролық және қосалқы нысаннан құралмақ. Негізгі нысанның бас мердігері – ресейлік Росатом.

Айта кетейік, Өзбекстанда әрқайсысы 55 мегават болатын 6 реактор салу көзделген. Алғашқы реактор 2029 жылы іске қосылып, ал толық қуатта 2033 жылы жұмыс істейді деп болжануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу