Өзбекстан АҚШ-тың қарулы күштерін өз аумағында орналастырмайтынын жариялады

688

Бұған дейін Вашингтон Өзбекстанға Қорғаныс министрлігінің бір топ өкілін жібермек деген ақпарат жарияланған еді.

Өзбекстан АҚШ-тың қарулы күштерін өз аумағында орналастырмайтынын жариялады

Өзбекстан өз аумағында АҚШ-тың терроризмге қарсы бөлімшелерін орналастыру туралы ұсыныс алмаған және мұндай қадамдар жасауды жоспарлап отырған жоқ, деп хабарлайды Inbusiness.kz Республиканың қорғаныс ведомствосының ақпараттық қызметінің басшысы Бахром Зульфикаровтың мәлімдемесіне сілтеме жасап.

"Менің мәліметім бойынша, Өзбекстан өз аумағында Америка Құрама Штаттарының антитеррорлық күштерін орналастыру туралы ұсыныс алған жоқ. Мұндай әрекет жоспарда жоқ. Өйткені бұған Конституцияда тыйым салынған және еліміздің қорғаныс доктринасында қарастырылмаған", – деді Зульфикаров.

Бұған дейін қазан айында АҚШ президентінің әкімшілігі Өзбекстанға Қорғаныс министрлігінің бір топ өкілін жібермек деген ақпарат жарияланған еді. Politico басылымының хабарлауынша, Вашингтон өз әскерилерін Талибанға соққы беру үшін осы елде орналастыруды көздеген. Ол үшін келіссөз жүргізбек болған.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу