Өзбекстан ақшасы құнсызданды

1907

Өзбекстан ақшасы құнсызданды

Өзбекстанның Орталық банкі елдің ұлттық валютасын екі есеге дейін девальвациялады. Банктің хабарлауынша, 5-ші қыркүйектен бастап доллардың сумға шаққандағы бағамы 8,1 мыңға теңесті. Айта кетейік, бүгінге дейін 1 доллар 4210 шамасында болған еді.

Еске салайын, күні кеше осы елдегі валюта айырбастауға қатысты шектеу алынып тасталды. Тиісті жарлыққа ел президенті Шавкат Мирзияев қол қойған. Құжатқа сәйкес, елдегі заңды және жеке тұлғалар шетелдік валютаны еркін айырбастауына болады. Дәлірек айтсақ, бүгіннен бастап Өзбекстандағы заңды тұлғалар ағымдағы халықаралық операциялар бойынша төлемдерді жүзеге асыру үшін шетелдік валютаны коммерциялық банктерден ешқандай шектеусіз алады. Ал жеке тұлғаларға ақша айырбастау орындарында, коммерциялық банк бөлімшелерінде қолданыстағы тәртіп бойынша шетелдік валютаны сатуына, сатып алуына рұқсат етілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу